Үрімжіде Коммуникация және медиа бойынша IV Форум өтті

146
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wmKXCIJgdvqtCpbYQ5KN3stHk3AJ7xiPm9HfNGQg.jpg

Үрімжі қаласындағы Шыңжаң және  Ухань университеттері бірлесе ұйымдастырған Орталық Азиядағы коммуникация және медиа бойынша IV Форум өтті.

Форум аясында ғалымдар цифрлық технологияларды дамыту, эмпатиялық коммуникация және өңірлік серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады. 

Азия елдерінің құндылықтары мен философиясы ретінде бейбітшілік, ынтымақтастық, ашықтық пен инклюзивті білім басты назарға алынды. Форум аясында ғалымдар 2027 жылға жоспарланған «Қытай - Орталық Азия» ІІІ саммиті қарсаңында өңірлік ынтымақтастық, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект дәуіріндегі журналистік білім және азиялық бейбітшілік пен инклюзивтілік құндылықтары кеңінен талқыланды. 
 Ғалымдар тарихта ел арасын жалғап отырған Жібек жолы бүгінде заманауи коммуникативті мәдениет қалыптастырудың символы деп атап өтті. 

Форумда Қазақстан ғалымдары атынан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің зерттеуші профессоры, саяси ғылымдарының докторы Гүлмира Сұлтанбаева дезинформациямен күрес  әдістері  туралы баяндама жасады. Қазақстандық ғалым ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасы нәтижесінде орындалған зерттеулерге тоқталды.  Жалған ақпаратпен күресу мен оның алдын алудың цифрлық моделін таныстырды. Аталмыш модель көп тілді ортадағы ақпараттық ағынға мониторинг жүргізіп, сүзгіден өткізуде өңдеу алгоритмдері мен нейрожелілерді пайдалану тәсілін ұсынады. Сондай-ақ бұл ресурс ЮНЕСКО стандарттарына сәйкес  медиа сауатқа үйретеді. Тұжырымдаманың практикалық көрінісі ретінде   RasInfo.kz платформасы таныстып өтті. 

Шыңжаң университеті Журналистика және коммуникация мектебінің профессоры Ван Фэйдің «АҚШ-тың Орталық Азиядағы медиа-көмегі: институттық экспорт, медиалық трансформация және геосаяси бәсекелестік» атты баяндамасы ерекше назар аударуға тұрарлық.  АҚШ-тың Орталық Азия елдеріндегі медиа саласын қолдап, ондаған жылдар бойы қаржыландыру бағдарламалары болды.

Сондықтан Қытай Үкіметі де АҚШ-тың осынау медиа ықпалына алаңдайтыны бар, бұл тақырыпты ғалымдар тобы ары қарай тереңдете зерттейтінін аңғартты. 
Орталық Азияның медиаэкожүйесі ұлттық ерекшелігімен, өңірлік бірегейлігімен, сырттан қолдау көрсететін күштердің саясатымен дамып отырғаны тағы бар. Үрімжі бұл жолы Солтүстік-Батыс Қытайдан бастап Орталық Қытай журналистика мектептері декандарымен қатар, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Таиланд және Ресейдің коммуникация саласындағы медиасарапшылары, ғалымдарының басын қосты. 

Профессор Гүлмира Сұлтанбаева Ухань университеті Журналистика және коммуникация факультетінің деканы, профессор Ву Шивэнь мен Шыңжаң университеті Журналистика және коммуникация факультетінің деканы, профессор Цзинь Юйпинге ғылыми еңбектерін сыйлады.  Сондай-ақ кітапхана қорына табысталған еңбектер Қазақстан атынан интеллектуалды мұра болары сөзсіз. 

Форумда журналистік білім беруде халықаралық академиялық ынтымақтастық ерекше мән берілді. Ғалымдар оқу бағдарламаларын жасанды интеллект дәуіріне бейімдеу, бірлескен зерттеулерлер  және БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары аясында  медиажобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.   Көрші елдердің академиялық татулығын нығайту және медиа кеңістігін дамытудың сараптамалық  алаңын қалыптастыру - ғылыми шараның нәтижесі саналды.

댓글
기타 기사