Ақтаудағы «ӘDILET EVENT»: Каспий жағасындағы ән кешіне 10 мың адам жиналды

108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TcyW5fSM4aRtpYZxxKP0d6mf7ikqrevBK7SPANtg.jpg

Каспий жағалауында өткен «ӘDILET EVENT» Open Air мыңдаған адамның басын қосқан мәдени шараға айналды. Думанды кештің куәсі болған 10 мыңнан астам тұрғын мен қала қонағы елімізге танымал жұлдыздарды тамашаласа, соңынан ұйымдастырылған дрондар шоуы жиылған жұртты ерекше әсерге бөледі, деп хабарлайды "Адырна". 

Көңілді кештің «Әділет» партиясы ұйымдастыруымен өткенін айта кетейік. Партияның республикалық сайлауалды штабы Маңғыстау облысындағы жұмыс сапарын есте қаларлықтай етіп қорытындылауды жөн көрген. Ашық аспан астындағы шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы ауызбіршілікті нығайту, ұлттық мәдениетті ұлықтау, жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау және тұрғындарға заманауи мәдени кеңістік ұсыну.

Аптаның дүйсенбі күніне қарамастан амфитеатр тола жиналған көпшілік Садраддин, Кәмшат Жолдыбаева, Әmre сынды сахна жұлдыздарымен бірге танымал әндерді бірге шырқаса, оның артынан жүздеген дрон қазақстандықтарға жақсы таныс ұрандар мен ұлттық нышандарды бейнелеп, Ақтау аспанын көмкерді.

Қанатты аппараттар әуеде еліміздің картасын, азаттықтың айбынын айшықтайтын қалықтаған қыранды және Мемлекеттік Туды бейнелеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 

Естеріңізге сала кетейік, оның алдында республикалық сайлауалды штаб мүшелері өңірдің түрлі еңбек ұжымдары және жұртшылықпен мазмұнды кездесулер өткізді. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған делегация Ақтау тұрғындарымен, «ҚазАзот» АҚ ұжымымен, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының қызметкерлерімен, балық шаруашылығы және теңіз сервистік ұйымдарының өкілдерімен пікір алмасты. Кейін жұмыс Жаңаөзенде жалғасып, мұнайшылармен және еңбек етіп жүрген жастармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесулер барысында «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары кеңінен таныстырылды. Әңгіме өзегіне өнеркәсіп пен мұнайды терең өңдеуді дамыту, еңбек адамдарының құқықтары, кәсіпкерлікті қолдау, Каспий экожүйесі, жаңа жұмыс орындары сынды өңірдің өзекті мәселелері арқау болды. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныстары мен көтерген мәселелері жинақталып, республикалық сайлауалды штабтың қарауына жолданатын болды. 



Айта кетейік, Маңғыстау облысына жасалған бұл сапар «Әділет» партиясының өңірлік үгіт-насихат науқанының екінші кезеңі саналады. Бұған дейін республикалық сайлауалды штаб Түркістан облысында болып, өңір жұртшылығымен бірқатар мазмұнды кездесулер өткізген еді.

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

댓글
기타 기사