ОСК «Әділет» партиясы ұсынған тізімді тіркеді

126
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ux4iNBL7GAYUPmUzSsjkFNHxA4vzw0jodX3Dvrgz.jpg

Фото: ҚазТАГ

21 шілде күні Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясы ұсынған партиялық тізімді ресми түрде тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

Мәліметке қарағанда партия атынан Құрылтай сайлауына 186 кандидат қатысады. Олардың орташа жасы – 45 жас.

Партия ұсынған кандидаттардың арасына экс-министрлер мен экс-депутаттарды да кездесіп қалады. Орталық сайлау комиссиясы тіркеген тізімнен бұлардан басқа танымал заңгерлер мен кәсіпкерлерді көруге болады.

Жуырда ғана, 1 маусым күні Әділет министрлігінің ресми тіркеуін алған «Әділет» үшін бұл Құрылтай сайлауы – бірінші саяси дода.

Партия өзінің бағдарламасына үш негізгі қағидатты біріктіруге тырысқан. Біріншісі – заң үстемдігі, екіншісі – әділдік және үшіншісі – биліктің қатаң есеп беру формасы.

Еске салайық, «Әділет» партиясы 2026 жылы 1 маусымда ресми тіркеуден өтіп, алдағы Құрылтай сайлауына қатысатынын мәлімдеген болатын. Партияның 10 шілдеде өткен кезектен тыс III Съезінде 186 кандидаттан құралған партиялық тізім бекітіліп, сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Бұл – «Әділет» партиясының Парламент сайлауына алғаш қатысуы. Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді.

댓글
기타 기사