Аптап ыстықтан Қазақстанның оңтүстігіндегі бетон жабындысы көтерілген

106
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ia9nqcMwbj5bh9l3BWDu7PQ15IVrGilO5FRC9njm.webp

Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі аптап ыстықтың салдарынан цемент-бетон жабындысы бар автомобиль жолдарының кейбір учаскелері деформацияға ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, өткен аптаның соңында жүргізушілер Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы бағытындағы автожолда бетон жабындысының көтерілгенін байқаған. Кейбір учаскелерде жол беті қатты қызудың әсерінен көтеріліп, көлік қозғалысына кедергі келтірген.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, жоспарлы тексеру барысында бетон плиталары көтерілген алты учаске анықталған. Ақауларды жою үшін 50-ден астам жұмысшы мен арнайы техника жұмылдырылды.

Компанияның хабарлауынша, жөндеу жұмыстары қысқа мерзімде аяқталып, анықталған барлық ақау қалпына келтірілген.

Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» цемент-бетон жабындысы бар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатқанын хабарлады.

댓글
기타 기사