ӘЧ күнделігі. Трамп Балогунның қызыл қағазына қатысты пікір білдірді

107
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KUpzQWL9e4ASl6wBMHA8qHzaK36DERT8qxaDeEKS.jpg

АҚШ президенті футболдан 2026 жылдың әлем чемпионаты кезінде АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогунға берілген қызыл қағаздың күшін жою мәселесіне қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Трамп бұл туралы ФИФА президенті Джанни Инфантиномен бірге өткен баспасөз мәслихатында айтты. Бұған дейін ФИФА-ның тәртіптік комитеті Балогунға көрсетілген қызыл қағаздың күшін жою туралы шешім қабылдаған болатын.

Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Трамптың Инфантиноға жеке хабарласып, тәртіптік шешімді қайта қарауды сұрағанын хабарлаған. Бұл ақпарат футбол қауымдастығында кеңінен талқыланды.

«Әлем чемпионатындағы ең есте қалған сәттердің бірі – Балогунға қызыл қағаз көрсетілген кез болды. Мен Джанниге хабарласып, өз пікірімді ғана білдірдім. Оны міндетті түрде алаңға қайтаруды талап еткен жоқпын. Тек өз уәжімді айттым. Соңында бәрі жақсы аяқталды. Сен тағы да дұрыс шешім қабылдадың», – деді Дональд Трамп.

Сонымен қатар АҚШ президенті Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухельдің Аргентинаға қарсы жартылай финалдағы тактикасына да баға берді. Оның пікірінше, шабуылшы Гарри Кейнді қорғаныс шебіне жақын ойнату тиімді шешім болмаған.

댓글
기타 기사