"Зомбылықтың эпицентрі". Ресей блогері Қазақстандағы тұрмыстық зорлық туралы фильміне қатысты сынға жауап берді

98
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5uvaOZNspDCwQu8lN9I3hMEezRfwIDCodjhvcFlN.webp

Ресейлік блогер Илья Варламов Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында түсірген деректі фильміне қатысты әлеуметтік желіде айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ол өз фильмінде Қазақстанды Орталық Азиядағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың «эпицентрі» деп атаған. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қоғамдағы өзекті мәселені көтергені үшін авторға қолдау білдірсе, енді бірі фильм елдің халықаралық беделіне кері әсер етеді деп сынға алды. Ал Илья Варламов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасында фильмнің негізгі мақсаты елді қаралау емес, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жүйелі мәселелерге назар аударту екенін айтты.

«Фильмде мен Қазақстанды тұрмыстық зорлық-зомбылықтың эпицентрі деп атадым. Бірақ біздің кейіпкерлердің бірі мұны дәлірек сипаттады: "Қазақстан – тек тұрмыстық зорлық-зомбылықтың эпицентрі емес, қылмыстарды жүйелі түрде жасырудың да эпицентрі"», – деп жазды блогер.

Ол өз сөзін дәлел ретінде фильмде баяндалған бірнеше оқиғаны мысалға келтірді. Атап айтқанда, Антонида Сурованың ісін еске салды. Оның айтуынша, әйел күйеуінің үстінен полицияға сегіз рет арызданған. Күдікті уақытша қамауға алынғанымен, оған қатысты қылмыстық іс қозғалмаған. Кейін бұл оқиға әйелдің қаза болуымен аяқталған

댓글
기타 기사