Бір «Байтақтың» атынан Құрылтайға 51 кандидат түспек

164
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aFpQnGGWyTCuBFkxDndjISkB3k6q4NG3IbkXtX4M.webp

Бүгін, 9 шілдеде Астанада «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының V кезектен тыс съезі өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Съезд барысында делегаттар партия Жарғысына енгізілетін өзгерістерді, сайлауалды платформаны және Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін бекітті.

Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев алдағы Құрылтай сайлауы мемлекеттік саясаттағы экологиялық күн тәртібін күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«23 тамызда еліміз алғаш рет бір палаталы Құрылтайды сайлайды. Бұл – кезекті сайлау ғана емес, президент бастаған мемлекет тарихындағы жаңа кезең. Сол жаңа парақта міндетті түрде «экология» деген сөз жазылуы тиіс. Егер оны біз жазбасақ, ешкім жазбайды»,–деді ол.

Съездің негізгі шешімдерінің бірі Қазақстанның жаңа Конституциясына сәйкес партия Жарғысына өзгерістер енгізу болды. Сонымен қатар делегаттар «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының қағидаттарына, жасыл экономиканы дамытуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға негізделген партияның сайлауалды платформасын бекітті.

Сондай-ақ партия Құрылтай сайлауына 51 кандидат ұсынды. Олардың қатарында партия төрағасы Азаматхан Әміртаев, Айгүл Абдуалиева, Елдос Айбеков, Шолпан Әмірова, Сапар Әміртаев, Бекзат Асқаров, Аслан Байзаханов, Тұрсынбек Байтеміров, Нариман Баубек, Асылбек Баяжұма, Ғабит Бекахметов, Марина Деркач, Алмаз Жақышев, Ардақ Жаппарова, Абай Досанов, Бейбарыс Дүйсен, Асқар Иманалиев, Айдос Иманбаев, Нұргүл Қадырбаева, Серікқан Қажиев, Бақыт Каметов, Сәуле Қамытбекова, Алма Қараш, Эльнар Кенжалиев, Роза Кенжебекова, Бекберген Керей, Владислав Кисиков, Андрей Краснокуцкий, Аллаберген Қонарбаев, Мұрат Күдеринов, Алмаз Күнғожин, Ерлан Қыдырбаев, Нұрғали Мамытов, Владимир Мартель, Назген Махамбетова, Руслан Мұратұлы, Ұлан Мусаев, Берікхан Нұрғалиев, Айдос Ордабеков, Алтай Ордабеков, Амалбек Өміртай, Нұргүл Сабурова, Таир Сағымбаев, Самат Садинов, Айбол Серікбаев, Айман Сексенова, Ануарбек Скаков, Алмат Тұртаев, Болат Тұртаев, Тамирлан Файзулин және Руслан Ысматуллаев бар.

«Іріктеу қорытындысы бойынша партиялық тізімге 51 кандидат енді. Бұл тізім кабинеттен кабинетке ауысып жүрген шенеуніктерден құралмағанын ерекше атап өткім келеді. Бұлар – өрт сөндірген, өзен-көлдердің жағалауын тазартқан, сайлау әлі жарияланбай тұрып-ақ халықпен бірге болған экологтер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер мен еріктілер. Тізімнің үштен бірін әйелдер мен жастар құрайды. Бұл – жай ғана квота емес, партиямыздың шынайы келбеті»,– деді партия төрағасы.

 

댓글
기타 기사