Хаменеиді жерлеу қарсаңында Мешхедке қатынайтын пойыздар тоқтады

143
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/psYgt5QLlkSgy5HYU7XB35EcRd1oE9bj7H7CJuyI.webp

Тегеран мен Мешхед арасындағы теміржол қатынасы АҚШ-тың түнгі соққысынан кейін уақытша тоқтатылды. 9 шілдеде дәл осы Мешхед қаласында Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі өтуі тиіс. Бұл туралы Tasnim жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, оқиға орнына жөндеу бригадалары жіберіліп, теміржол желісін қалпына келтіру жұмыстары басталған. Сондай-ақ билік жолаушыларды тасымалдаудың балама бағытын әзірлеген. Ол зақымданған учаскені автокөлік арқылы айналып өтуді көздейді.

АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операцияны 28 ақпанда бастаған еді. Маусым айында Вашингтон мен Тегеран барлық бағыттағы, соның ішінде Ливандағы әскери қимылдарды дереу тоқтатуды қарастыратын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Алайда 8 шілдеде Иран мен АҚШ қайтадан өзара соққылар алмасты.

Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі 9 шілдеде Ирандағы туған қаласы Мешхедте өтеді.

댓글
기타 기사