Каспиймен шектеспейтін Өзбекстан Әзербайжанмен бірлескен флот құрмақ

389
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PKSdmSIxPlkNBk9aagh9Tnj64gLnxtjy3hPXtp0N.webp

Өзбекстан мен Әзербайжан Каспий теңізінде бірлескен флот құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Хуррам Тешабаев Report агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның айтуынша, Каспий теңізінде бірлескен флот құру және «Узтемирйулкарго» компаниясы мен Әзербайжанның Каспий теңіз кеме қатынасы ұйымы арасында бірлескен кәсіпорын ашу көзделуде. Мұндай қадамдар жүк тасымалын тиімдірек, тұрақтырақ әрі экспорттаушылар үшін анағұрлым тиімді етуге мүмкіндік бермек.

Тараптар сондай-ақ Орта дәліздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта жүктерді тиеп-түсіру қызметтеріне жеңілдіктер беру, қолайлы тарифтер енгізу және жүктерге басымдықпен қызмет көрсету мәселелері талқылануда.

Хуррам Тешабаевтың сөзінше, Баку халықаралық теңіз порты бүгінде Орта дәліз арқылы өзбек өнімдерінің сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады және өңірдің транзиттік әлеуетін дамытудағы стратегиялық логистикалық тораптардың бірі саналады.

«Өзбек экспорттаушылары порт инфрақұрылымын тиімді пайдаланып келеді. Соңғы жылдары бұл бағыттағы жүк тасымалы көлемі тұрақты өсіп, экспортталатын өнім түрлері көбейіп, екі елдің көлік-логистика операторлары арасындағы ынтымақтастық нығайды», – деді министрдің орынбасары.

댓글
기타 기사