Ливанда шабуылдан қаза тапқандар саны 4200-ден асты

487
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vLELPHA2fp760UyBXH9A3cqqiHvX5wXcjUY5BNYG.webp

Ливанда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 4297 адамға жетті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Әскери күштердің шиеленісуінен 2 наурыздан 1 шілдеге дейінгі аралықта жалпы 4 297 адам қаза тауып, 12 196 адам жарақат алды»,– деді министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, 16 сәуірден бері күшінде тұрған атысты тоқтату режиміне қарамастан, Израиль Ливанның оңтүстігі мен астанасы Бейрутқа шабуыл жасауды жалғастырып жатыр.

26 маусымда Ливан мен Израиль өкілдері АҚШ-тың арағайындығымен Вашингтонда қақтығысты реттеуге бағытталған негіздемелік келісімге қол қойған болатын. Ливандағы «Хезболла» қозғалысының жетекшісі Наим Қасем Вашингтонда қол қойылған құжаттың заңдық күші жоқ екенін айтып, оны «егемендіктен айырылу» деп бағалады.

댓글
기타 기사