Ұлытау облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

297
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3PwErAiWyp69NQtTQX7AiJ4lud6sbj31PoExzAyY.jpg

Ұлытау облысы әкімінің кеңесшісі болып Торғын Ескендірова (Әбушахман) тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Торғын Төлегенқызы 1993 жылы Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» және аталған университеттің магистратурасын «Халықаралық журналистика» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. 

Польшаның Адам Мицкевич атындағы университетінде тәжірибеден өткен. 

Әр жылдары «ADAM Media Company» ЖШС телевизиялық жобаларында PR-менеджер, редактор, Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінде менеджер, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЮНЕСКО халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасында оқытушы, «Adyrna.kz» ақпарат агенттігінде шеф-редактор, Жезқазған қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы, Ішкі саясат бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі, ҚР Сот әкімшілігінде инспектор, ҚР Сот әкімшілігі Ұлытау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі бөлімінің басшысы болған. 

Осы тағайындауға дейін Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасында бөлім басшысы лауазымын атқарған.

댓글
기타 기사