Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

172
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lPeqAwHpvxJBBJQOpIXonE9GHYC8Rfg9BnzFa21N.jpg

Белгілі журналист Бекзат Жүсіп Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ақтау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінен келесі кезеңге аяқ бастым. Мен үшін туған қаламда еңбек ету мол әрі маңызды тәжірибе болды. Қолымнан келгенше міндетімді мүлтіксіз атқаруға тырыстым.  Осы ретте әуел баста сенім білдірген аймақ басшысы Нұрдаулет Игілікұлына, шаһар әкімі Әбілқайыр Жаңайұлына алғысымды айтамын.

Қоян-қолтық жұмыс істеген әріптестеріме рахмет. Алысқа ұзағаным жоқ. Әрі қарай қызметімді Маңғыстау облысы әкімнің кеңесшісі ретінде жалғастырамын»,–деп жазды ол желідегі парақшасында.

Бекзат Бақбергенұлы 1989 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Ұлыбританиядағы Шығыс Англия университетінің магистратурасын тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор қызметінен бастаған.  2009-2013 жылдары республикалық телеарналарда жұмыс істеген. 2013-2016 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы – бас инспектор, 2019-2021 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры,  2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болған.

2022–2023 — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары, 2023–2024 — «Qazcontent» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымдарынын атқарған. Былтыр ол Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді.

댓글
기타 기사