Қазақ мұнайын Германияға жеткізу әзірге қалыпқа келмей тұр — министр

183
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/L8FvstnnEmN0Vt14evT1QbgyaXoV7j4MwjkT9l4U.jpg

Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «Достық» мұнай құбыры арқылы Германияға қазақстандық мұнай жеткізу мәселесі бойынша әзірге ілгерілеу жоқ екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үкімет кулуарында журналистердің сауалына жауап берген министрдің айтуынша, Германия тарапы бұл мәселені Қазақстанға алдағы сапар барысында көтеруі мүмкін.

«Менің ойымша, Германияның экономика министрі бұл мәселені міндетті түрде қозғайды. Себебі Қазақстан Шведт мұнай өңдеу зауытына мұнай жеткізетін негізгі жеткізушілердің бірі болды. Сондықтан бұл тақырып неміс тарапы үшін маңызды. Алайда қазіргі уақытта Ресей тарабы бізге техникалық мүмкіндік бар екенін растаған жоқ. Алдағы алты айға арналған жоспарларда бұл бағыт бойынша әзірге нөлдік көрсеткіш тұр», – деді Ерлан Ақкенженов.

Министрдің сөзінше, шілде айында да «Достық» құбыры арқылы мұнай тасымалы жүзеге асырылмайды.

Еске салайық, сәуір айында бұқаралық ақпарат құралдарында Ресей тарапының шешімімен 1 мамырдан бастап Қазақстан мұнайын Германияға «Достық» құбыры арқылы жеткізу уақытша тоқтатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған. Бұл бағыт арқылы Қазақстан Германиядағы мұнай өңдеу зауыттарына тәулігіне 200 мың баррельге дейін мұнай экспорттап келген.

댓글
기타 기사