Кәмелетке толмаған қызды алып қашқандар сотталды

310
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Шымкент қаласында 17 жастағы қызды алып қашу ісі бойынша сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сот 25 жастағы ер адам мен оның екі танысын кінәлі деп танып, әрқайсысын 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушылардың әрекеті Қылмыстық кодекстің «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бабымен сараланып, олар жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болды.

Сондай-ақ негізгі сотталушыны жәбірленушіге моральдық зиян үшін 5 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Іс бойынша жалпы төрт адам күдікті ретінде танылған. Алайда олардың бірі әлі күнге дейін іздеуде жүр. Мәліметтерге сәйкес, күдіктілердің барлығы Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Дербісек ауылының тұрғындары және бір сыныпта оқыған.

Сот талқылауы барысында айыпталушылар өз кінәларын мойындаған жоқ. Іс материалдарына сәйкес, жәбірленуші қыз сотталушылардың бірімен таныс болған және кездесуге өз еркімен барған. Алайда сот оның тұрмысқа шығуға немесе өзін алып қашуға келісім бермегенін анықтады. Іс жабық режимде қаралды. Жәбірленуші тараптың үкімге қатысты ұстанымы әзірге жарияланған жоқ. Ал сотталғандар сот шешіміне апелляциялық тәртіппен шағым түсіру ниетін білдірген. 

 

댓글
기타 기사