Қазақстанда тауарлық газ бағасы шамамен 33%-ға қымбаттайды

110
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xfEeJnaIMelFJKL0FSi7NVFf2EHXZnCYiwBCACiS.jpg

Қазақстанда шілде айының басынан бастап тауарлық газдың орташа бағасы шамамен 33%-ға өседі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Оның айтуынша, бағаның көтерілуі газ инфрақұрылымын жаңарту және алдағы жылыту маусымын уақтылы әрі сапалы өткізу үшін қажет шара болып табылады.

Министрлік өкілі тұтынушылар үшін газ бағасының негізсіз өсуіне жол берілмейтінін атап өтті. Бұл мәселе ведомствоның тұрақты бақылауында.

«Иә, алғашқы төрт айда газ өндіру көлемі кейбір техникалық ақауларға байланысты төмендеді. Бұл Теңіз кен орнында және басқа да бірқатар кен орнында болған жағдайлармен байланысты. Алайда бұл төмендеу халықты газбен қамтамасыз етуге әсер еткен жоқ. Себебі «QazaqGaz» операторы ішкі тұтынуды транзиттік газ есебінен қамтамасыз етті», - деді ол.

Сонымен қатар, солтүстік өңірлерді газдандыру жобасы бойынша «QazaqGaz» бен «Газпром» арасында келісім аясындағы жұмыстар жалғасуда.

Ведомство өкілінің мәліметінше, жыл соңына дейін жобаның негізгі техникалық және коммерциялық шарттары нақтыланады. Жоспарға сәйкес, 2030 жылға қарай Қазақстанның солтүстік өңірлеріне газ жеткізу көзделіп отыр.

댓글
기타 기사