Тоқаев ІІМ басшысына бірқатар тапсырма берді

176
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/j0gN3yyd6jBi1ItORlIINSlCX3K3PW4C4feuqsie.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Бұл туралы бүгін, 17 маусымда Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президентке елдегі криминогендік ахуал және ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде баяндалды.

Ержан Сәденов 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша тіркелген қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға төмендегенін жеткізді. Айтуынша, негізгі санаттар бойынша құқықбұзушылықтың азаюы және қылмысты ашу деңгейінің артуы байқалады.

Министр ведомствоның жазаның бұлтартпас қағидатын дәйекті түрде қамтамасыз етіп келетінін жеткізді. Оның сөзінше, есепті кезеңде өткен жылдары жасалған 1685 қылмыс ашылған. Сот төрелігінен жасырынып жүрген 574 қылмыскер, оның ішінде 89-ы шетелден табылды.

Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін Сәденовке «Заң мен тәртіп» қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

댓글
기타 기사