Атыраудағы қанды қылмыс. Айыпталушы Меккеге барып, ісіне өкінгенін айтты

100
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mtYfUCIYISslmSYXmnnfRy1iCIYMajIlVjWEnTam.png

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында төрт адамнан тұратын отбасының өліміне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сот отырысы барысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев қылмыстан кейін Қазақстаннан шығып кеткенін айтып, Түркия арқылы Меккеге барғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, елден кету туралы шешімді оқиғадан кейін қабылдаған. Сотта берген жауабында алдымен Түркияға, кейін Меккеге барғанын және онда шамамен он күн жалғыз болғанын жеткізді.

Сондай-ақ айыпталушы сол уақытта өзіне қол жұмсау туралы ой келгенін, әрекеті үшін Құдайдан кешірім сұрауды қалағанын айтты. Сонымен бірге ол жәбірленушілерді «себепсіз өлтірген жоқпын» деп мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл мәлімдемелер айыпталушының соттағы өз түсініктемесі болып табылады және іс бойынша түпкілікті құқықтық бағаны соттың шешімі айқындайды.

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр.

댓글
기타 기사