Мемлекеттік күзет террористі ескертусіз ата алады. Президент заңға қол қойды

218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/v0oqPsDshnVye5vmIckjkFwLys2OPHhBLTEvQUBG.webp

Фото: halyq uni

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) өкілеттігін кеңейтетін, соның ішінде оның қызметкерлеріне терроризмге қарсы операция (ТҚО) жүргізу аймағында терроршыларға қарсы ескертусіз қару қолдану құқығын беретін заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

«Антитеррорлық операция жүргізу аймағында антитеррорлық операцияға қатысушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері терроршыларға қарсы күш қолдануға, қызметтік жануарларды, арнайы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ескертусіз және шектеусіз қолдануға құқылы», - делінген заңда.

Заңға 10 маусымда қол қойылды және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Сенат «Арнайы мемлекеттік органдардың қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қабылдағанын хабарлаған едік

댓글
기타 기사