Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық матч өткізеді

149
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hGHlfcMhEyZvWdUxKbca9fXgBIuT8U2yNTCGbobL.webp

6 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Арменияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Матч Армения астанасы Еревандағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.Екі құрама бұған дейін сегіз рет кездескен. Оның алтауында Армения құрамасы жеңіске жетсе, бір ойын тең аяқталған. Қазақстан құрамасы қарсыласын бір мәрте ғана жеңген.

Бас бапкер Әли Әлиев алдағы ойындарға шақырылған ойыншылар тізімін жариялады. Құрама сапында Темірлан Анарбеков, Александр Заруцкий, Бекхан Шайзада сынды қақпашылар, сондай-ақ Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Әлібек Қасым, Сергей Малый бастаған қорғаушылар бар.

Жартылай қорғау шебінде Исламбек Қуат, Серікжан Мужиков, Рамазан Оразов және басқа да футболшылар өнер көрсетсе, шабуыл шебінде Максим Самородов, Ислам Чесноков, Ғалымжан Кенжебек, Дастан Сәтпаев сынды ойыншыларға сенім артылып отыр. Қазақстан құрамасы Армениямен кездесуден кейін 9 маусымда Мажарстан құрамасына қарсы тағы бір жолдастық матч өткізеді. Кездесу сырт алаңда өтеді.

댓글
기타 기사