Актер Рүстем Жаныамановтың баласы қайтыс болды

218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XefohgRByWASRBrp8M27PkDS1cKEYVD9ra2uVYE4.jpg

Қазақстандық актер Рүстем Жаныаманов пен оның жары, актриса Жанаргүл Жаныаманованың тұңғыш ұлы Нұрмұхаммет дүниеден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова 1 маусым күні әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, марқұмның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Біздің Рүстем мен Жанаргүл тұңғыш ұлы Нұрмұхамметтен айырылып қалды. Бала – бауыр еттен, мұндайда жұбататын сөз табу да оңай емес. Бекем болыңдар, біз қастарыңдамыз», – деп жазды ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары актерлер отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатыр.

Айта кетейік, Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл Жаныаманова бұған дейін бірнеше сұхбатында тұңғыш ұлдарының денсаулығы үшін ұзақ жылдар бойы күрескендерін айтқан. Олардың сөзінше, Нұрмұхаммет ауыр диагнозбен 5-6 жыл арпалысып, отбасы оның сауығып кетуі үшін бар күш-жігерін жұмсаған.

댓글
기타 기사