Бірнеше млрд теңгеден астам айыппұл кешіріледі

137
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pTSPuyiG56CJMpwnRfrafXuKDdkVRdUPEpuhXwUJ.jpg

Қазақстанда алдағы әкімшілік рақымшылық аясында азаматтардың миллиардтаған теңге көлеміндегі айыппұлдары есептен шығарылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеп.

Мәліметке сәйкес, рақымшылық ішкі істер министрлігі желісі бойынша шамамен 1 миллион әкімшілік айыппұлды қамтиды. Олардың жалпы сомасы 17 миллиард теңгеден асады. Әкімшілік рақымшылық 2026 жылғы 17 наурыз сағат 24:00-ге дейін жасалған құқық бұзушылықтарға қатысты қолданылады. Оның аясында азаматтар, жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары орындалмаған әкімшілік айыппұлдарды төлеуден босатылады. Бастама халық пен кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық жүктемесін азайтып, олардың экономикалық белсенділігін арттыруды көздейді.

Алайда рақымшылық барлық құқық бұзушылықтарға бірдей таралмайды.

Жалпы алғанда, әкімшілік рақымшылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 263 бабын қамтиды. Бұл баптар 15 мемлекеттік органның құзыретіне жатады.

댓글
기타 기사