Бибісара Асаубаева Норвегиядағы турнирде қытайлық әлем чемпионын жеңді

137
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kwVOlW6Z8LuZHNWOKtjKNfoFGAqOpKthM7FbcfXc.jpg

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-2026 турниріндегі жеңісті сериясын жалғастырып, төртінші турда әлем чемпионын жеңді. Бұл туралы 1bol.kz спорт порталы жазды, деп хабарлайды "Адырна". 

Асаубаеваның бұл жолғы қарсыласы әйелдер арасындағы әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь болды. Тартысқа толы негізгі партия тең нәтижемен аяқталған соң, жеңімпаз армагеддон форматындағы қосымша ойында анықталды.

Шешуші партияда ақ тастармен ойнаған қазақстандық шахматшы жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, небәрі 6 минут 23 секунд ішінде қарсыласынан басым түсті. Осы жеңістің арқасында Бибісара турнирлік қоржынына 1,5 ұпай қосып, жалпы көрсеткішін 7 ұпайға жеткізді.

Төрт тур қорытындысы бойынша Асаубаева Norway Chess Women-2026 турнирінің жеке көшбасшысы атанып отыр. Қазақстандық спортшы әлемнің үздік шахматшыларымен бәсекеде тұрақты ойын көрсетіп, чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі екенін дәлелдеп келеді.

Айта кетейік, беделді халықаралық Norway Chess Women 2026 жарысы Норвегияның Осло қаласында өтуде. Турнирде әлемнің ең мықты әйел шахматшылары бақ сынап жатыр.

댓글
기타 기사