Көршілер балалар алаңы үшін жанжал шығарған

114
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Талдықорған қаласында тұрғындар арасында балалар ойын алаңына байланысты жанжал туындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға бойынша әйелдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Жалайыр көшесіндегі тұрғын үйлердің аулаларында әйелдер арасында дау шыққаны көрсетілген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, №24 үйдің өз ойын алаңы болмағандықтан, балалар көрші №26 үйдің ауласындағы алаңда ойнайды. Бұл жағдай тұрғындар арасында келіспеушілік тудырған. Оқиғаға қатысты Жетісу облысы полиция департаменті пікір білдірді.

"Полиция қызметкерлері тексеру жүргізді. Анықталғандай, тұрғындар арасында тұрмыстық негізде ауызша жанжал болған. Оқиғаға қатысушылар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Талдықорған қалалық сотына жолданды", — деп хабарлады ведомство.

댓글
기타 기사