Жантүршігерлік жол апаты. Сотта айыпталушы марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрады

66
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dFJNxTE5acQgZ3gM3vYJPCyrBNh90cKGojD0OmmC.jpg

Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты соттың алдын ала тыңдауы жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews-ке сілтеп.

28 мамыр күні айыпталушы сотта эмоционалды мәлімдеме жасап, қаза тапқандардың жақындарынан кешірім сұрады. Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Еркін Майшиновтың төрағалығымен қаралуда. Сот отырысында айыпталушы А.П. алғаш рет үн қатып, марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты.

"Ешқандай сөз, ешқандай әрекет сіздердің жақындарыңызды қайтара алмайтынын түсінемін. Әр отбасыға қаншалықты қайғы әкелгенімді білемін. Өз әрекетіме ақталмаймын. Заң алдында толық жауап беруге дайынмын. Тек бостандыққа шығып, қолымнан келгенше сіздердің отбасыларыңызға көмектескім келеді. Мұны өзіме ешқашан кешірмеймін. Кешірім сұраймын", — деді ол.

Айыпталушы сөз сөйлеп тұрған кезде сот залындағы марқұмдардың туыстары көз жасына ерік берді.

Жәбірленуші тараптың өкілі Мейірман Шекеев отбасы моральдық және материалдық шығын өндіру үшін азаматтық талап-арыз беретінін айтты.

"Біз 100 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етеміз. Себебі адам өмірінің құны жоқ. Сонымен қатар қаза тапқан қыз автокөлік алу үшін несие рәсімдеген, қазір оны ата-анасы төлеуді жалғастырып жатыр", — деді ол. 

Айта кетейік, 21 наурыз күні Алматыда жол апаты болып, үш адам қаза тапқан.

댓글
기타 기사