Хазаре қызы ауған әйелдерінен бірінші болып Эверестке шықты

254
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Rv7dHVbQYTRSAqtIKCv9d0WcCJssyjL2pnq041rN.jpg

31 жастағы альпинист, әйелдердің білім алу құқығы үшін белсенді түрде күресіп жүрген Закия Ахмад Эверест шыңын бағындырған алғашқы ауған әйелі атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол әлемдегі ең биік шыңға 21 мамыр күні таңертең көтерілген. Ахмад бұған дейін Франциядағы Монблан, Үндістандағы Нандадеви шыңдарын және Ауғанстанның теңіз деңгейінен 7402 метр биіктіктегі ең биік шыңы Наушахты да бағындырған.

Альпинист Rukhshana Media-ға берген сұхбатында бір жыл бойы Эверестке шығуға үздіксіз дайындалғанын айтқан. Сонымен қатар экспедиция шығындарының бір бөлігін жабу үшін GoFundMe платформасында қаражат жинау науқанын бастаған.

Айта кетейік, Закия Ахмадтың бұл жетістігі Ауғанстанда Талибан билігі әйелдердің спортпен айналысуына тыйым салған кезеңге тұспа-тұс келіп отыр.

Закия - Ауғанстандағы хазаре қауымынан шыққан, қазір Аустралияда тұрады. Жасы 31-де.

댓글
기타 기사