Президенттер негізін қалаған жаңа нысан бой көтереді

88
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WnmmMrFTDLYB11950IdDcrHIGRBjl2zRjFGuHTVw.webp

Түркістанда «Түркі өркениеті орталығының» іргетасы қаланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары жаңа орталықтың қазығын қағып, болашақ кешеннің іргетасын қалады. Жоба түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған.

Орталықтың негізгі идеясы – түркітілдес елдерді терең философиясы, бай мәдениеті және мемлекеттілік дәстүрі қалыптасқан ұлы өркениет ретінде таныту. Мұнда тарихи мұраны ғылыми тұрғыдан зерттеу, мәдени туризмді дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға басымдық беріледі.

Кешеннің архитектурасында Тәңір, Ергенеқон, Көкбөрі, Жерұйық, Дала және Өмір ағашы сынды түркі дүниетанымындағы маңызды ұғымдар көрініс табады. Сонымен қатар экспозицияларда VR, AR, голография, жасанды интеллект және иммерсивті дыбыс-жарық технологиялары қолданылмақ.

댓글
기타 기사