Министрлік оқушылар мен студенттерге үндеу жасады

149
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3bbdUMTiSRw9FeV9uQ0GfXzPwfGWSr043AcQr6vD.jpg

Ішкі істер министрлігі жазғы демалыс қарсаңында оқушылар мен студенттерге арнайы үндеу жасап, интернеттегі күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжановәлеуметтік желілер мен түрлі онлайн платформаларда «жеңіл әрі тез табыс» ұсынатын жарнамалардың көбейетінін атап өтті. Айтуынша, мұндай ұсыныстардың артында есірткі тасымалдау, тарату немесе жарнамалау секілді заңсыз әрекеттер тұруы мүмкін.

«Бұл – жай ғана қауіп емес, бұл қылмыс. Ішкі істер министрлігі ескертеді: есірткіге қатысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Ең қатаң жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін. Бір ғана "жеңіл табыс" бүкіл өміріңізге балта шабуы мүмкін. Егер сізге күмәнді жұмыс ұсынылса, бірден бас тартыңыз. Жылдам табыс иллюзиясы үшін басыңызды қатерге тікпеңіз. Саналы таңдау жасағаныңыз абзал. Еркіндік ақшадан қымбат. Ал болашақ уақытша пайдадан маңызды», - деді ол.

댓글
기타 기사