“Сізді сүйем…” қойылымы өтеді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9qx5xukKqcYuUNucQDhqnx65CThCx5dMZCV3Iryy.jpg

«Сізді сүйем…» — шынайы махаббат жайлы хикая.

Бұл қойылымда махаббаттың ішкі қайшылықтармен, күрделі таңдаулармен және қабылданған шешімдердің салдарымен бетпе-бет келуі суреттеледі. Алайда спектакль тек жеке тағдыр туралы емес. Қойылым аясында адам мен Алматы қаласының арасындағы рухани байланыс, мәдени жады және болмыс тақырыптары кеңінен көрініс табады.

Спектакльдің негізгі идеяларының бірі — Алматыны руханият пен эстетиканың мекені ретінде жаңаша пайымдау. Әр кезеңде Алматы ғалымдар, суреткерлер, жаңашылдар мен шығармашылық зиялы қауым шоғырланған маңызды мәдени орталық болды. Бұл — талай дарын иелері ұмтылған, өзіндік рухы мен өркениеттік келбеті бар ерекше шаһар.

Қойылымның көркемдік өзегінде Алматы символикасы ерекше орын алады: алмалар, алма бақтарының жұпары және қаланың тірі, сезімге толы бейнесі. Спектакль оқиғасы Алматының тарихи әрі мәдени маңызы зор мекендерінде өрбиді. Осы арқылы өткен мен бүгіннің арасында терең рухани байланыс жасалады.

Жобаның шығармашылық тобы:

«Сізді сүйем…» (музыкалық драма)

Индира Құлмағамбетованың продюсерлік жұмысы. Ал авторы - Қ. Мұрат, композитор - Ә. Омарова. Режиссер: А. Кәкішева — ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Басты рөлде Индира Құлмағамбетова. Индира алты жылдан астам уақыт бойы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында қызмет етіп келеді. Қазірде кино және театр кеңістігінде танымал, сұранысқа ие актрисалардың қатарында.

Айта кетейік, «Сізді сүйем…» — Индира Құлмағамбетованың алғашқы продюсерлік жобасы. Бұл жұмыс арқылы ол Алматының талғампаз көрерменіне мазмұнды, сапалы әрі эстетикалық тұрғыдан биік деңгейдегі қойылым ұсынуды мақсат етеді.

Премьера 13 маусым күні сағат 20:00-де Almaty Theatre сахнасында өтеді.

«Сізді сүйем…» — махаббат арқылы қаланың рухын, тынысын және мәдени жадын сезіндіретін ерекше сахналық туынды.

АННОТАЦИЯ:

«Сізді сүйем» – адам жанының нәзік әрі терең қайшылықтарын ашатын музыкалық драма.

Перизат, Бақытжан, Сара, Әсет және Қайрат арасындағы күрделі қарым-қатынастар махаббаттың түрлі қырын — шынайы сезім мен жалған байланыс, тәуелділік пен жалғыздықты көрсетеді. Әрқайсысы өз таңдауының алдында қалып, оның салдарын бастан кешіреді.

Спектакльде махаббат пен сатқындық, тәуелділік пен еркіндік, қорқыныш пен үміт қатар өріліп, махаббаттың тек сезім емес, жауапкершілік пен ауыр таңдау екенін көрсетеді.

Кейбір таңдаулардың соңы қайғымен аяқталуы мүмкін… Алайда таңдаудың зардабы бәріне бірдей тимейді.

Орындаушылар мен кейіпкерлер:

Құлмағамбетова Индира — Перизат
Қасым Демеу — Бақытжан
Қонысбеков Қуаныш — Қайрат
Қайратқызы Әйгерім — Сара
Маметеков Елшат — Әсет

댓글
기타 기사