Қазақстанға келерде. Ердоған ел конституциясын өзгерту керегін айтты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aEFCBj6R5cStXk8k6j3YKWlZgFaQtICr3lgBsYgy.webp

Түркия президенті жаңа Конституция қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы жергілікті БАҚ-қа сілтеп.

Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік кеңестің құрылғанына 158 жыл және Әкімшілік сот күніне арналған салтанатты рәсімде жаңа конституция қабылдау қажеттігін айтты.

Түркия президентінің сөзінше, Осман кезеңінен кейін қабылданған төрт конституцияға қарамастан, түрік халқының «жақсы конституцияға деген ұмтылысы әлі де тоқтаған жоқ». Ол соңғы екі конституцияның төңкерістер мен заңсыз араласулар нәтижесінде пайда болғанын атап өтіп, мұны «демократиялық кемшілік» деп бағалады.

Сондай-ақ, Ердоған өз үкіметінің «артықшылықтар мен кемсітушіліктің барлық түрін жойды» және «халық пен республика арасындағы кедергілерді алып тастады» деп мәлімдеді.

72 жастағы Режеп Тайип Ердоған 2003 жылдан бері алдымен - премьер, кейіннен президент ретінде Түркияны үздіксіз басқарып келеді. Ол 13-14 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ, Ердоған 15 мамыр күні Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының Түркістандағы бейресми саммитіне де қатысады.

댓글
기타 기사