Елімізде ЖОО оқу ақысы 11%-ға қымбаттады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XhjPeR6Ne2gSRGIv7pYlUjzjm7s5uN4pbqsChOhr.jpg

Қазақстандағы жоғары оқу орындарында оқу ақысы айтарлықтай өскен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы деректеріне сілтеме жасап хабарланды.

Мәліметке сәйкес, бір жыл ішінде университеттердегі оқу құны орта есеппен 11%-ға артқан. Сарапшылар мұның негізгі себебі ретінде инфляциялық үдерістерді атап отыр.

Өңірлер бойынша ең жоғары өсім Атырау облысында тіркелді — 36,3%. Сондай-ақ Түркістан облысында (19,6%), Маңғыстау облысында (15,4%), Шымкент қаласында (15,2%) және Астанада (15%) оқу ақысы айтарлықтай артқан.

Ал ең төмен өсім Қостанай облысында (1,8%), Ақтөбе облысында (5%) және Ұлытау облысында (5,9%) байқалған. Алматы қаласында оқу ақысы 9,4%-ға қымбаттаса, Алматы облысында баға өзгеріссіз қалған.

Сараптамаға сәйкес, 2025–2026 оқу жылының басында Астана мен Алматыдағы университеттерде оқу құны өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мәселен, Алматыда жылдық оқу ақысы 500 мыңнан 7,6 миллион теңгеге дейін жетеді. Бұл айырмашылық оқу орнының беделі, мамандықтың сұранысы және басқа да факторларға байланысты.

Ал өңірлік университеттерде оқу ақысы жылына шамамен 450 мың теңгеден 2,4 миллион теңгеге дейін барады.

댓글
기타 기사