Сенаторлар жануарларға қатысты даулы заң түзетулерін Мәжіліске қайтаруды ұсынды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rFF3ojA8prW6a6mtxACpBnKMsrVY3EkVmuM7oYw2.jpg

Сенаторлар «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға қатысты резонанс тудырған түзетулерді Мәжіліске қайтаруды ұсынды. Бұл туралы  Парламенттің жоғарғы палатасы аппаратының басшысы Максим Споткай айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Заң Сенатқа келіп түскеннен бері жұмыс тобының 5 отырысы өтіп, 300-ден астам азаматтың өтініші түскен. Талқылауға сенаторлар, мемлекеттік орган өкілдері, жануарларды қорғаушылар және қоғам белсенділері қатысқан. Қаңғыбас жануарлар мәселесіне өңір өкілдері де үлкен алаңдаушылық білдірген.

«Қаңғыбас жануарлар мәселесі – адамдардың немқұрайлылығының салдары. Жануарларды дұрыс күтпеу және оларға қатыгездік көрсету үшін жауапкершілік күшейтілуі тиіс. Президенттің айтуынша, мәселе ушығып кеткен, қазір балалар ғана емес, ересектер де жиі жабайыланып кеткен иттердің құрбанына айналуда. Мұндай деректер өңірлерден түсіп жатыр»,-деді ол.

Максим Споткай осыған байланысты Мәжілістен келген заң жобасына бірқатар түзету енгізу қажеттілігі туындағанын жеткізді. Сенаторлар келесі өзгерістерді ұсынған:

- қаңғыбас жануарлардың санын реттеудің нақты тәртібі мен мерзімдерін әр өңірдің мәслихаттарына дербес айқындау ұсынылды;

- қаңғыбас жануарлардың санын реттеу кезінде 15-бапта «эвтаназия» терминін қолданудан бас тарту ұсынылды;

- қаңғыбас жануарлардың негізгі белгісі чиптің болуы ғана емес, ең алдымен иесінің болмауы есептелуі тиіс. Себебі жақын уақытта барлық үй жануарларын толықтай чиптеуді, әсіресе шалғай ауылдарда, іс жүзінде қамтамасыз ету қиын. Бұл түзету құқық қолдану барысында туындауы мүмкін тәуекелдер мен теңсіздіктердің алдын алуға бағытталған.

댓글
기타 기사