Домбыра туралы сөзден соң. Ер адам қамауға алынды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желідегі жазбалары үшін діни араздық қоздырды деген күдікпен қамауға алынды, деп "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиғаға қатысты тексеріс жергілікті тұрғынның домбыра туралы жариялаған видеосынан кейін басталған. Онда ер адам домбыра тартуды «харам» деп сипаттаған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті әлеуметтік желілерде діни негізде араздық пен алауыздық туғызуға бағытталған пікірлер жариялаған.

"Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген полиция хабарламасында. Сот шешімімен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау санкцияланды.

Құқық қорғау органдары Қазақстан заңнамасында әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздық қоздырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

댓글
기타 기사