“Мен қазақпын“. Боксшы өзін “ресейлік“ деп атаған қарсыласына жауап берді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1RU9NJLgJJxEzCa1U7zMvtTPa1MwCm9eqcnHb4rH.webp

**Қазақстандық боксшы Евгений Павлов америкалық қарсыласымен болған қызықты диалогты бөлісті**

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов америкалық Антонио Дантон Элмен болған әңгімені әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Естеріңізге сала кетейік, Павлов пен Элдің жекпе-жегі кеше АҚШ-тың Балтимор қаласында өтті. Алты раундтың қорытындысы бойынша Қазақстан атынан өнер көрсеткен спортшы ұпай саны бойынша сенімді жеңіске жетті. Жеңілістен кейін америкалық боксшы әзілге толы stories жариялаған, алайда Павлов оған байсалды жауап қайтарды.

"Мен шынымен де ресейлікпен төбелесіп, аман қалдым", – деп әзілдеді Эл.
"Мен ресейлік емеспін. Мен – қазақпын, бауырым", – деп жауап берді Павлов.
"О, кешірім өтінемін, досым", – деп америкалық өзінің қателігін мойындады.

Айта кетейік, 26 жастағы Евгений Павлов кәсіпқой бокстағы мансабын 2020 жылы бастаған. Сол уақыттан бері ол қатарынан 11 жеңіске жетіп, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтаған.

댓글
기타 기사