Қызыл кітапқа енген сирек қызғалдақ гүлдеді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NtxdM7zLPiGTOHEvPHSZAeszTvyAek0l7lunYIHD.webp

Қостанай облысының далалы аймақтарында Қызыл кітапқа енген сирек қызғалдақ түрі гүлдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы мәлімдеді.

Қорық мамандарының айтуынша, нәзік өсімдік төмен қарай иілген гүлдерімен ерекшеленеді және табиғатта сирек кездесетін түрлердің қатарына жатады. Қызғалдақ негізінен далалық және шөлейт аймақтарда өсіп, ерте көктемде гүлдеп, табиғи ландшафтқа ерекше көрік береді.

Экологтар бұл өсімдіктің мемлекет қорғауында екенін атап өтіп, оны жұлуға қатаң тыйым салынғанын ескертті. Сондай-ақ мамандар тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға және сирек кездесетін өсімдік түрлерін сақтауға шақырды.

댓글
기타 기사