Премьер-министрдің жұбайына бірнеше айып тағылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/86QeK3Wl7cM1kdPDT5lsb60L14JVhq269vuxLgbX.jpg

Испания премьер-министрі Педро Санчестың жұбайы Бегонья Гомеске төрт бірдей қылмыс бойынша айып тағылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы шетелдік БАҚ-қа сілтеп.

Олардың қатарында ықпал ету саудасы, сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қаражатты иемдену және ысырап ету бар.

Euronews мәліметінше, Бегонья Гомеске қатысты тергеу аяқталған. Сонымен қатар сот дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану бабы бойынша айыпты алып тастаған.

Іс бойынша кәсіпкер Хуан Карлос Баррабес және шенеунік Кристина Альварес де жауапқа тартылып отыр.

Судья тараптарға бес күн ішінде сот тыңдауын бастау туралы өтініш беру немесе қорғаныс ұстанымын дайындау үшін уақыт берген. Бұл кезең әдетте негізгі сот процесінің алдында өтеді.

Deutsche Welle дерегінше, тергеу назарында Гоместің жеке жобасы – Комплутенсе университеті жанындағы «Әлеуметтік трансформацияның бәсекеге қабілеттілігі» кафедрасы болған. Сарапшылардың пікірінше, бұл кафедраны ашудың қажеттілігі болмаған және оны құру үшін университет басшылығына қысым жасалған болуы мүмкін. Тергеу басталғаннан кейін кафедра жабылған.

댓글
기타 기사