Парламент тамызда сайланбақ. Президент саяси жүйені «қайта құру» туралы айтты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Yzil9PfXrQnxsMVQmL5aPkVimEzO0Z90Z1IjqsFe.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл тамыз айында бір палаталы Құрылтай сайлауы өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол  ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды "Адырна".

Президенттің айтуынша, Конституция күшіне енгеннен кейін Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойылады.

"Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімнің алдын ала жариялануы партияларға сайлауға дайындалуға жеткілікті уақыт беру мақсатында жасалып отырғанын атап өтті.

"Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі",-дейді Президент Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай «қайта құруға» жол ашады.

"Бұл ретте біз жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс. Мен мұның маңызы жөнінде бірнеше рет айттым,"- деді ел басшысы. 

댓글
기타 기사