Түрік компаниясы СҚО-да май зауытын салмақ

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tPIN0YLy7DNDNSp0mLKk8A2sjxz2xW1ow10YP0mE.jpg

Tiryaki Agro халықаралық агрохолдингі Солтүстік Қазақстан облысында май  зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бүгін, 8 сәуірде СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Tiryaki Agro түрік компаниясының өңірлік директоры Коксал Салих Юлдузпен кездескен. Әңгіме барысында өңірде ауқымды жобаны іске қосу мәселесі талқыланған.

Кәсіпорында күнбағыс, рапс және зығыр майын өндіру көзделген, өндірістік қуаты тәулігіне 1 500 тоннаға дейін жетеді.

«Біздің өңір дәнді және майлы дақылдар өндірісінде, оның ішінде күнбағыс, рапс және зығыр бойынша жетекші орында. Майлы дақылдарды өңдеуге бағытталған бұл жобаның жүзеге асуы облыстың өңдеу өнеркәсібін ары қарай  дамытуға септеседі. Сонымен қатар,  жаңа жұмыс орындарын құруға, өңдеу қуаттарын арттыруға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті өңір басшысы.

댓글
기타 기사