Қазақстан терроризм бойынша ең қауіпсіз ел атанды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sJduecqzbYOt1Ja7IL5MdRi8vye1KcmSVgZSejOm.jpg

Қазақстан терроризм деңгейі бойынша әлемдегі ең қауіпсіз елдердің қатарына енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

2026 жылғы Жаһандық терроризм индексінің мәліметінше, Қазақстан биыл да 0.000 көрсеткішін алған. Бұл ел аумағында террористік қауіптің жоққа жақын екенін білдіреді. Осындай нөлдік көрсеткішке Қырғызстан, Түркіменстан және Молдова да ие болды.

Сарапшылардың айтуынша, қауіпсіздіктің жоғары деңгейі алдын алу жүйесінің тиімділігімен, құқық қорғау және арнайы органдар жұмысының үйлесімділігімен, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықпен қамтамасыз етіледі. Елде әуежайлар, теміржол тораптары мен энергетикалық нысандар секілді стратегиялық маңызды объектілер заманауи технологиялар арқылы бақылауда.

Сонымен қатар, қауіпсіздік құрылымдары төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында тұрақты түрде оқу-жаттығулар өткізіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында бірлескен операциялар жүргізеді.

댓글
기타 기사