Қала ортасында бір топ жасөспірім үлкендерге шабуыл жасаған

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Zpn6uDsw93V6vzWHtyIxDv73M1GNyxJio5irSD4v.webp

Алматыда жасөспірімдердің фудкортта және қала ортасында мінез-құлқы әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қала тұрғындарының айтуынша, балалар дәмхана келушілерінен ақша талап етіп, бас тартқан жағдайда жанжал шығарып, тас пен орындық лақтырған.

Оқиға туралы Instagram парақшасында Варвара есімді алматылық тұрғын хабарлаған. Ол видео сипаттамасында:

"Мына балаларға бұл ойын ба? Үстелге жайғасып алып, ақша талап ете бастады! Тым шектен шығып барасыңдар. Бүгін бұл жағдай ересек адам ретінде шекараны білетініміздіктен ғана жай жабыла салды. Бірақ келесі жолы сендердің бұл әрекеттеріңе қарап қойып отыра бермейтін адамдарға кезігулерің мүмкін" – деп жазды.

Threads желісінің тағы бір қолданушысы да дәл осы балалар тобы қала орталығында оған және өтіп бара жатқан басқа адамдарға шабуыл жасағанын хабарлаған. 

"Алматы. Қаланың қақ ортасында не болып жатыр? Неге сығандар маған (және басқа адамдарға) себепсіз шабуыл жасай алады? Заттарымызды тартып алды, үстімізге су шашты, тас лақтырып, өзге адамдарды ұрып-соқты" – дейді жазба авторы.

댓글
기타 기사