«Балуан тас» көтеру. Оңтүстікте ескі дәстүр қайта жанданды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YWTboNpV8CHzzkvdiUv7luNxiIgH8JJqvmpcFWSh.jpg

Наурыз мейрамында  көне «Балуан тас» көтеру рәсімі қайта жаңғыртылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы әкімдікке сілтеп.

Іс-шара Түркістан облысы Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында болған.

Салмағы шамамен 200 келі болатын тас көпшілік алдында ұлттық дәстүрге сай көтеріліп, арнайы тұғырға орнатылды. Бұл рәсімді ақмолалық белгілі палуан Арман Сүлеймен жүзеге асырды. Шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақ күшінің картасы» мәдени-танымдық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шара «Түркістан облысына Балуан тас сапары» экспедициясының үшінші күні өтті. Экспедиция жетекшісі, «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының президенті Абылайхан Қалназаров бұл бастаманың тарихи маңызын атап өтті.

"Бұрын ауылға атақты балуан келсе, ел ағалары одан «Балуан тас» көтеруді өтінген. Соңғы рет бұл рәсім өткен ғасырдың 40-жылдары Қажымұқан Мұңайтпасұлы тарапынан орындалған. Содан бері дәл осы шартпен тас көтеру болмаған", - деді ол.

Рәсім барысында Арман Сүлеймен тасты көтеріп, тұғырға қондырды. Осы сәттен бастап тасқа «Балуан тас» мәртебесі берілді. Мереке қарсаңында  палуанға ат мінгізіп, бата берілген. 

댓글
기타 기사