Түркістан Иран - АҚШ келіссөзін өткізуге дайын ба? Қазақ министрі ирандық әріптесімен сөйлесті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rn5VExxiG79WmfjPaeQ654HJWq5ZiimW0pjWndcT.jpg

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адрырна".

Тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сұхбат барысында Көшербаев ирандық әріптесіне Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, осыдан бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей Қазақстан тарапы Түркістан қаласын бейбіт келіссөздер өткізуге алаң ретінде ұсынуға дайын екендігін растады.

Сонымен қатар, тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға келісті.

Айта кетсек, бұған дейін Пәкістан АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату мақсатындағы келіссөздерге алаң ұсынуға дайын екенін айтқан болатын. Бұл туралы 24 наурызда ел премьер-министрі Шахбаз Шариф мәлімдеді.

Ол Исламабадтың Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату мақсатында жүргізіліп жатқан диалогты толық құптайтынын жеткізді.

«АҚШ пен Иран келісім берген жағдайда, Пәкістан мазмұнды әрі түпкілікті келіссөздерді өткізуге жәрдемдесу үшін қабылдаушы тарап болуға дайын және мұны өзі үшін үлкен мәртебе санайды. Бұл келіссөздер жалғасып жатқан қақтығысты жан-жақты реттеуге бағытталады», – деп жазған Шахбаз Шариф.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та 21 наурызда Таяу Шығыс келіссөзіне Түркістанды алаң ретінде ұсынған болатын. Ол Қазақстанның қақтығыс аймағына жақын өңірде орналасқанын атап өтіп, елдің бейбіт ұстанымды қолдайтынын жеткізген.

댓글
기타 기사