Алматыдағы жол апаты. Жүргізуші туралы не белгілі?

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

Алматы полициясы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан. Полиция мәліметінше, апатқа қатысы бар Zeekr көлігінің жүргізушісі қазіргі таңда медициналық мекемеде күзет бақылауында ем алып жатыр. Оның жағдайы тұрақталған соң, уақытша ұстау изоляторына жеткізілмек.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап ең қатаң жағдайда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Шәрібаев оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталғанын мәлімдеді.

«Оқиғаға қатысқан және оның қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Әрқайсысына әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа жолданды, көліктер айып тұрағына қойылды. Ешкім жауапкершіліктен қаша алмайды», – деді ол.

Полиция қызметкерлері барлық бейнебақылау камераларының жазбаларын, соның ішінде жеке камералардағы бейнематериалдарды жинап, іс материалдарына тіркеген. Қазіргі уақытта олар жан-жақты зерттеліп жатыр.

댓글
기타 기사