Екібастұз моноқалалар санатынан шығарылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/15uPoejjvXtultZmRj9syrFvu2T9gIh8rJO6IEbt.jpg

Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі моноқалалар тізбесін жаңартты. Осылайша, үкімет Павлодар облысындағы Екібастұз қаласын моноқала санатынан шығарған, деп хабарлайдs "Адырна".

Министрлік «Қазақстан Республикасы моноқалаларының тізбесін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы №248 бұйрығына өзгеріс енгізіп, 10 наурызда қаланы моноқалалар қатарынан ресми түрде алып тастаған.

Ұлттық экономика министрлігі моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өнеркәсіп өндірісінің серпіні, инвестициялық белсенділік, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту құрылымы және экономиканың орнықтылығының басқа да параметрлері секілді 78 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді талдау жүргізді.

«Талдау нәтижесі бойынша, Екібастұз қаласының экономикасы тұрақты түрде әртараптанып жатқаны,  даму жеделдегені белгілі болған. Қаланың экономикасындағы салалар теңесіп, өнеркәсіп тұрақты өсіп, инвестиция көп салынған», - деп хабарлайды министрлік.

Осылайша, енді Қазақстанда 19 моноқала қалды. Олар: Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Степногорск, Теміртау, Шахтинск және Хромтау.

댓글
기타 기사