Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы әр үш жыл сайын көтерілмек

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vhY8TiVpDu4PslWarzhYcMVFMBEs2qJgzBBb1LNc.jpg

Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері қайта қаралады. Бұл туралы бүгін, 18 наурызда Мәжілістің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жаңартылған заң жобасында мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, білікті кадрларды тарту және ұстап қалу үшін бірқатар нормалар қарастырылған. Атап айтқанда, жалақыны кемінде үш жылда бір рет индекстеу тетігі енгізіледі, үстеме жұмыс, демалыс және мереке күндері үшін өтемақы төлеу көзделеді. Қызмет өтілі 25 жылдан асқан және мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары бар қызметшілер зейнетке шыққанда төрт лауазымдық жалақы мөлшерінде біржолғы сыйақы беріледі.

«Бір елді мекеннен екіншісіне ауысқанда немесе мемлекеттік орган көшірілген жағдайда қызметшілерге көтерме жәрдемақы және мүлкін тасымалдауға өтемақы төленбек. Балалары балабақшаға кезексіз қабылданады. Сонымен қатар жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі қарастырылады»,-делінген хабарламада.

 

댓글
기타 기사