АҚШ Иран басшылары туралы ақпарат бергендерге миллиондаған доллар уәде етті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rKYCTB5NtCuZH6CsBCkxOUKw2AaeLhXRoFdSOKGm.jpg

АҚШ мемлекеттік департаменті Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи және Ислам Республикасының басқа да басшылығы туралы ақпарат бергендерге 10 миллион долларға дейін сыйақы беретіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Әділет үшін сыйақы» бағдарламасы Ислам революциясы сақшылары корпусының негізгі жетекшілері және оның бірқатар бөлімшесі туралы ақпарат үшін 10 миллион долларға дейінсыйақы ұсынады», – делінген хабарламада.

АҚШ ведомствосы бұл бөлімшелердің дүниежүзінде террористік әрекеттерді жоспарлап, ұйымдастырып және жүзеге асыратынын мәлімдеді. Мемлекеттік департаментте берілген мәліметтер үшін ақшалай сыйақы алуға, сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында басқа жерге қоныс аудару мүмкіндігіне ие болуға болатыны айтылды.

Жалпы алғанда тізімде 10 адам көрсетілген. Олардың қатарында Иран ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани, Жоғарғы көшбасшы әкімшілігі басшысының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Әли Асгар Хеджази, әскери кеңесші Яхья Рахим Сафави, ішкі істер министрі Эскандар Момени мен барлау министрі Исмаил Хатиб бар.

The New York Times басылымының жазуынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті ирандық басшылар туралы нақты қандай ақпарат үшін сыйақы төлеуге дайын екенін нақтыламаған.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, оның ішінде Тегеран қаласына соққы жасаған еді.

댓글
기타 기사