Иран Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасамағанын мәлімдеді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kkifzQiUrgNq14e8cYsAq812rjRckpRe5X5ytMa9.webp

Фото: SNN.Ir

Иран қарулы күштері Кипрге, Түркияға және Әзербайжанға шабуыл жасамаған. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” порталы РИА Новости дерегіне сілтеме жасап.

«Әзербайжан, Түркия және Кипрге қатысты айтар болсақ, Қарулы күштердің Бас штабы Иран аумағынан немесе Иран қарулы күштері тарапынан мұндай реактивті снарядтардың ұшырылмағанын нақты әрі ресми түрде мәлімдеді», – деп келтіреді Багаидың сөзін ирандық SNN.

АҚШ пен Израильмен атысты тоқтату жөніндегі келіссөздер мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып, Иран СІМ өкілі қазіргі жағдайда Иранның жауап шараларынан басқа мәселе туралы айту орынсыз екенін айтты.

«Әскери агрессия жалғасуда. Қазіргі жағдайда қорғанысқа немесе қарсы тарапқа күйрете жауап беруге қатысы жоқ басқа тақырыптар туралы айту орынсыз», – деді ол.

Сонымен қатар Исмаил Багаи АҚШ-тың негізгі мақсаты Иранның мұнай ресурстарына қол жеткізу екенін мәлімдеді.

«АҚШ-тың мақсатына қатысты күмән жоқ. Бұған дейін де ешкім АҚШ-тың мақсаты Иранның мұнай ресурстарына қол жеткізу екенін жоққа шығармаған», – деді Иран СІМ-нің ресми өкілі.

АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеран қаласына соққы бере бастады. Бұған жауап ретінде Иран Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына соққы жасауда.

댓글
기타 기사