Әзербайжан аумағына түскен дрон. Өзбекстан президенті әрекетті айыптады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ltTa9ckhcwZxMhqD3Ud4CRHaQgoagqta5INFMsPF.webp

5 наурыз күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесу барысында Өзбекстан басшысы Иран тарапынан Әзербайжанға ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуылдарды қатаң айыптап, ресми Ташкенттің Бакуді толық қолдайтынын жеткізді. Ол Өзбекстан әрдайым Әзербайжанмен бірге екенін атап өтті.

Өз кезегінде Ильхам Әлиев әріптесіне қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Әзербайжан президенті болған оқиға жөнінде ақпарат беріп, қазіргі уақытта жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы достық, бауырластық және одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшылары Әзербайжан мен Өзбекстан алдағы уақытта да бір-бірін тұрақты түрде қолдай беретінін тағы да растады.

댓글
기타 기사