Қостанайда өңірлік коалиция мүшелері «Қостанай Су» ұжымымен кездесті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LtsUDeyuPpwbQWHe1BdV6YoS56wEAD4oP8WmWhmK.jpg

Қостанай қаласында өңірлік коалиция өкілдерінің "Қостанай Су" коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесудің басты тақырыбы жалпыұлттық референдумға шығарылған конституциялық реформа және оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері болды.

Іс-шараға өңірлік коалиция мүшелері Қадырғали Жаманбалин, Манара Мадинина және Аида Серикова қатысты. Ашық диалог барысында олар жаңартылған Конституция жобасының негізгі ережелеріне тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.

Қадырғали Жаманбалиннің айтуынша, конституциялық реформалар әлеуметтік саланың дамуына жаңа серпін беріп, тұрақты жұмыспен қамту кепілдіктерін нығайтуға және азаматтардың қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған. Оның сөзінше, Негізгі заң жобасына өндірісті қолдауға, экономикалық өсімді ынталандыруға және әділетті әрі тиімді саяси жүйе қалыптастыруға бағытталған нақты әрі тұрақты нормалар енгізілген.

Кездесу барысында еңбек адамына құрмет, қызметкерлердің қауіпсіздігі және кәсіби қызметке қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістер саяси жүйені жаңғыртып, билік тармақтарының теңгерімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететінін және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті.

Пікір алмасу форматында «Қостанай Су» қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Коалиция өкілдері кері байланыстың маңыздылығын атап өтіп, мұндай кездесулер қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.

Кездесу қорытындысында өңірлік коалиция мүшелері кәсіпорын қызметкерлері ел болашағына қатысты маңызды бастамаларды қолдайтынына сенім білдірді.

댓글
기타 기사