Иранда қазақстандықтар зардап шеккен жоқ — СІМ

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wejCmERV3aeVosqL4NKfWjl0YRjTJVtoIbpi6eyT.jpg

ҚР сыртқы істер министрлігі Ирандағы жағдайға байланысты қазақстандықтар арасында зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Иран аумағында Қазақстанның 96 азаматы бар.

Оның ішінде 18-і – дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, екеуі – студент, 70 азамат «Заркух» зауытында еңбек етеді. Тағы алты қазақстандық Иранда жеке шаруаларымен жүр.

СІМ мен шетелдегі мекемелер Ирандағы қазақстандықтармен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан азаматтарының зардап шеккені туралы ақпарат түскен жоқ.

Бұған дейін министрлік Иранда жүрген қазақстандықтар мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін жедел байланыс желілері ашылғанын хабарлаған.

댓글
기타 기사