Асқар Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Кәсіпкер көлік сыйлады

310
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zeokwPqcAp5PSA8rikmBgFpsqVp6YZ9fGIGcL9Zy.png

Белгілі математик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев 70 жасқа толды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мерейтой аясында кәсіпкер Жәнібек Жанықұлов ғалымға Hyundai Palisade автокөлігін сыйлады. Бұл туралы Сырымбек Тау әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қазақтың тірі қазынасының бірі, ардақты ұстазымыз Асқар Серқұлұлы 70 жасқа толды. Осы мерейтойына орай ерекше сый жасалды. Ағамызды мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!»- деді кәсіпкер.

Асқар Жұмаділдаев 1956 жылы Қызылорда облысындағы Шиелі қыстағында дүниеге келген. Оның негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапқан. Жұмаділдаев Германиядағы Гамбург (1986), Мюнхен (1995 – 96), Билефельд (1996 – 99) университеттерінің профессоры болған. Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында (1997), А.Салам атындағы Халықар теориялық физика орталығында (Италия, 1998, 2001), Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында (1998 – 99), Фильдс атындағы Математика институтында (Канада, 2001) қызмет атқарып, лекциялар оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым Академиясының грантын алған.

댓글
기타 기사